Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
Kurs.kz мәліметі бойынша, қазір Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 516,3 теңгеден сатылып жатыр. Сатып алу бағамы – 518,9 теңге. Еуро 541,5-546 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 515 теңге, сатып алу құны – 519 теңге. Еуро 540 теңгеден сатылып, 545 теңгеден сатып алынады.
Ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,14-5,24 теңге аралығында саудаланып жатыр.