Ал блогердің өзі бүкіл ақшаны отбасында әйелі ұстайтынын жеткізді.
Отбасын екінші орынға қойып жүре береді: Дархан Жолшыбековтің әйелі үйіндегі кикілжіңнің себебін айтты
Фото: Видеодан алынған кадр
5,282
оқылды

Белгілі блогер Дархан Жолшыбековтің әйелі Дариға Нүкеева отбасындағы кикілжіңнің себептерін жасырмады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ерлі-зайыптылар “Сыр” подкастында отбасында туындаған келіспеушіліктерді жайып салды.

“Дарханмен бірге өмір сүргеніме бақыттымын. Бізде бәрі бар. Бірақ кейде көңіл бөлмей қалады. Өмірде ақшадан да құнды дүниелер бар емес пе?! Отбасын екінші орынға қойып жүре береді. Бір күні мерзімі өткен дәріні көзіме тамызып, қатты ауырып қалдым. Дене қызуым көтеріліп, Дарханды шақырдым. Ол достарымен бірге бильярд ойнауға кеткен. “Дархан, көзім ауырып жатыр, келші" дедім. Бұл маған "Сонда қазір барып, шайыңды беріп қасыңда отыруым керек пе?" деді де келмеді. Қатты ауырып тұрсам да, жағдайымды өзім жасадым. Ақша үшін талай рет ұрсыстық. Жалпы, мен көп ұрсыса бермеймін. Өзінен-өзі ашуланып кетеді", – деп ренішін айтты блогер келіншек. 

Блогер бар тапқанын әйеліне беретінін айтып, бірақ өзінен есеп сұрамағанын қалайтынын жеткізді.

“Бүкіл ақшаны Дари ұстайды. Өзім де кейде сұрап аламын. Бір күні 100 мың теңге үшін қатты ұрсысып қалдық. Достарыммен қыдырып жүргенде 100 мың теңге керек болды. Дариға ақша салып жібер десем: “Не үшін?!” деді. Мен сол жерде қатты ашуландым. Достарымның көзінше беделім түскендей болды. Әйелі ешқашан күйеуінен есеп сұрамауы керек. Менің пікірім осы”, – деді Дархан.