Оқиға орнына бірден полиция қызметкерлері шақырылды.
Павлодарда оқушыны үшкір затпен нұқыған мұғалім жұмыстан шығарылды
Фото: видеодан кадр
340
оқылды

Павлодардағы мектептердің бірінде мұғалім оқушының арқасынан шегемен нұқып өткен. Оның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалды, – деп хабарлайды Аikyn.kz Pavlodarnews.kz  басылымына сілтеме жасап.

Оқиға орнына бірден полиция қызметкерлері шақырылды.

Павлодар қалалық білім бөлімінің мәліметінше, оқиға №26 орта мектепте болған. Математика пәні мұғалімі тақтада тұрған оқушының жанынан өтіп бара жатып, оны белгісіз затпен нұқып кеткен.

Педагогтің әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған, кейін әлеуметтік желіге тарады. 

Мектеп медбикесі баланың денесінде ешқандай із жоқ екенін айтқан. Оқушыны жедел жәрдем бригадасы да тексеріп, ешқандай жарақат алмағанын анықтады.

«Педагог өз әрекетіне өкініп, баланың ата-анасынан кешірім сұрады», – деді білім бөлімінен.

Қазіргі уақытта мұғалім жұмыстан шығарылды. Аталған істі білім бөлімі ғана емес, полиция да бақылауға алды.