Биыл республикада ел экономикасы үшін маңызды ірі инвестициялық бірқатар жоба жүзеге асырыла бастайды.
Абай облысында құны 1 миллиард доллар болатын мыс балқыту зауыты салынады
Көрнекі фото: "Қазақмыс"
355
оқылды

Қазақстанда тау-кен металлургия саласын дамыту мақсатында Абай облысында құны 1 млрд доллар болатын мыс балқыту зауытының құрылысы бойынша жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Олжас Бектенов мәлімдеді,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

 Бұл кәсіорынның қуаттылығы экспортқа шығарылатын мыс концентратын толықтай өңдеуге мүмкіндік береді. 

"Qarmet" акционерлік қоғамы кезең-кезеңмен жоғары деңгейде өңделген сапалы металдар шығару, соның ішінде автомобиль жасауға қажетті болат өндіру көлемін ұлғайту үшін кәсіпорынды жаңғырту жұмыстарын жүргізуде. Былтырдың өзінде компания автокөлік  және вагон құрастыруда, сондай-ақ тұрмыстық техника өндірісінде қолданылатын 25 мың тонна қоспалы болат өндірген.

Сондай-ақ биыл республикада ел экономикасы үшін маңызды ірі инвестициялық бірқатар жоба жүзеге асырыла бастайды. 

Үкімет басшысының айтуынша, елімізде құны $7,4 млрд болатын полиэтилен зауыты салынады. Қазақстанның Даму банкінің қолдауымен Павлодар облысында алкилат шығаратын кәсіпорын салынады.

Бұған қоса, "Qarmet" АҚ жылына 200 мың тас көмір шайырын қайта өңдеу жобасын іске асыруға кірісті. Жалпы құны $262 млн болатын жоба аясында көмір химиясы өнімдерінің 15 түрін шығаруды көздеп отыр. Сонымен қатар қытайлық China Energy компаниясы еліміздің экономикасына инвестиция құюға қызығушылық танытып, көмірді терең өңдейтін зауыт құрылысына $4 млрд салуды жоспарлап отыр.