Қазақстанда екі шетел азаматына заманауи көшпенділерге арналған Neo Nomad Visa берілді.
АҚШ азаматы Қазақстанның Neo Nomad визасын алуға ниетті
Фото: Ашық дереккөзден
582
оқылды

Олардың бірі  Оңтүстік Корея азаматы, екіншісі Сингапур тұрғыны, – деп хабарлайды Аikyn.kz.  

Сонымен қатар АҚШ азаматы да аталған визаны алуға ниет білдірген. Бүгінде оның өтініші қарастырылу үстінде. Өткен жылы бірінші Neo Nomad Visa-ны энергетика саласында еңбек ететін Ұлыбритания азаматы алған. 

Neo Nomad Visa әлемнің әртүрлі елдерінен келген саяхатшылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл виза шетелдік туристерге мобильділікті сақтап, өзінің шетелдік компаниясында қашықтан жұмыс істеуге және Қазақстанда бір жылға дейін тұруға жол ашады.

Виза алу үшін не істеу қажет?

Жаңа В12-1 визасын алу үшін Қазақстан Республикасының шетелдегі елшілігіне немесе консулдық мекемелеріне жүгіну қажет. Оны рәсімдеу үшін шетелдіктер Қазақстанның шетелдегі елшілігіне немесе консулдық мекемелеріне жүгіну қажет.

Қазақстанда саяхаттап жүріп, жұмысын жалғастырғысы келетін шетелдіктер Neo Nomad Visa-ға өтініш бере алады. Ол үшін жақын маңда орналасқан Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесіне бірнеше құжатты ұсыну қажет:

- Кейінгі 6 айдағы банк шотынан үзінді көшірме, ай сайынғы табысы 3 000 АҚШ долларынан жоғары екенін растайтын құжат;
- Азаматтығы бар елдің уәкілетті органы берген салық декларациясы;
- Азаматтығы немесе тұрақты мекенжайы бар елдің органы берген сотталмағаны туралы анықтама;
- Визаның қолданылу мерзіміне дейін жарамды медициналық сақтандыру;
- Қазақстандағы туристік компаниялардан шақыру (48 елдің азаматы үшін талап етілмейді)

Neo Nomad Visa-ны рәсімдеу 5 жұмыс күнінен аспайды. Виза бір жылға дейінгі мерзімге беріледі және оны ұзарту қарастырылған. Негізгі өтініш берушінің отбасы мүшелері де виза ала алады.

Neo Nomad Visa арқылы Қазақстанда жұмыс істеу мүмкіндігі қарастырылмағанын атап өткен жөн. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 216-бабына сәйкес, Neo Nomad Visa иесінің Қазақстанда салық төлеу бойынша міндеттемелері жоқ, өйткені оның табыс көзі елден тыс жерде орналасқан.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.