Мессенджерлерде COVID-Omicron xbb коронавирусының жаңа нұсқасы туралы тарап жатқан ақпарат жалған.
Коронавирустың жаңа нұсқасы тарап жатыр ма?
365
оқылды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, республикада коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, – деп хабарлайды Аikyn.kz  сайты. 

2025 жылдың басынан бері елде 51 КВИ жағдайы тіркелген, өлім жағдайлары жоқ. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттану 7 есе азайған. Коронавирус инфекциясымен ауруханаға жатқызудың өсімі жоқтығын атап өткен жөн, бұл көптеген жағдайларда инфекцияның жеңіл түрде өтетінін растайды. Мәселен, секвенирлеудің соңғы деректері бойынша, Қазақстанда, бүкіл әлем сияқты Омикрон штамының әртүрлі нұсқаларының айналымы анықталуда.

Коронавирус инфекциясы бойынша жағдай бақылауда. Азаматтарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, тек ресми көздердің сенімді ақпаратына сенуге шақырамыз, - делінген мәлімдемеде.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.