Партия пәрмені орындалды
Партия пәрмені орындалды
5,256
оқылды
Nur Otan партиясының пәрменімен тұр­ғындардың өтініш-тілектері бойынша талай тірлік тіктеліп жатқаны жасырын емес. Қара халықтың мұң-мұқтажына құ­лақ түрген партия өкілдері талай түйткіл­дің тү­йінін тарқатып, көпшіліктің алғы­сы­на бө­ленуде. Бұл ретте партияның Жам­был об­лысы Шу аудандық филиалына Балуан Шо­лақ ауыл­дық округі Жиделі стансасынан өтініш біл­діріп келген бұқараның да тілегі ескерусіз қалмай, толықтай шешімін тауып отыр. Жиделі ауылында былтырғы жылдың орта­сында су жинайтын мұнара тесіліп, халыққа таза ауызсусыз қалу қаупі төнген. Бұл мәселені пар­тия­ның қоғамдық қабылдауында көтерген ауыл тұрғындарының өтінішін «Балуан Шолақ» бас­тауыш партия ұйымының төрағасы Базархан Жүнісқұлов жеке бақылауына алып, «Қазақстан темір жолы» АҚ облыстық жол бөлімінің бас­шысы Д.Сыдықовқа хат жолдады. Нәтижесінде, «Теміржол Су-Шу» ЖШС-нің өкілдері халық­пен кездесу өткізіп, барлық мәселені бүге-шүгесіне дейін зерделеді. Көп ұзамай басталған құрылыс жұмыстары қыркүйек пен желтоқсан айларын қамтып, қазіргі кезде халық таза ауызсуға қайта қол жеткізді. Мұндай жедел әрі сапалы жұмысқа тұрғындар да дән риза.
– Шынымды айтсам, құрылыс жұмыстары дәл осылай тез бітеді деп ойламадым. Себебі су мұ­нарасы өте апатты жағдайда тұрған болатын. Алай­да теміржолшылардың көмегімен ауыл тұр­ғындары қайта таза ауызсуға қол жеткізді. Nur Otan партиясының көмегіне жүгінгеніміз де дұрыс болды. Осы жолы партияның пәрменін шын се­зіндім, – дейді ауыл тұрғыны Марат Анарбеков. Өз кезегінде Гүлнар Сахалбаева да олқылықтың орнын толтырып, түйткілдің түйі­нін тарқатуға ұйыт­қы болған партия өкілдеріне алғысын білдірді.
Иә, қалай алып қарасаңыз да бұл бас бар­мақ­пен бағалауға тұрарлық тындырымды дүние. «Алғыс арқалаған алысқа барады» дейді қазақ даналығы. Сондықтан бұқара мен биліктің ара­сын берік байланыстырып жүрген партияның пәрмені әрдайым дәрменді болсын демекпіз.   Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы