Мектептердің халі мүшкіл
Мектептердің халі мүшкіл
340
оқылды
Ы.Алтынсарин «Мұғалім – мектептің тынымсыз соқ­қан жүрегі» дегендей, жал­пы ұс­таз­­ға жүктеген міндет ауыр. За­ман талабына сай білім беру, кәсіби шеберлігі дамы­ған­ мамандармен қам­тамасыз ету, өркениет­ті, ғылыми-әдіс­те­мелік ба­ғытқа ынталану – алға қой­ған мақсат. Бүгінгі за­ман мұ­ғалімі осыған лайық па? Бүгінде екінің бірі ұрпақ ал­дын­да «сара жолын» салып жатыр. Сол саралықтан ертең дара тұлға шықса, әрине құба-құп. Алайда білім беру саласына оқы­­тудың озық технологияларын мең­гер­­мей сауатты жан-жақты ма­ман болу мүм­кін емес. Әйтсе де, мұн­дай дә­режеге жету қайда... Мәсе­лен, Қазалы ауданындағы разъез­­дердегі мектептердің жағ­да­йы аянышты. Жалаңтөс ауы­­лын­да Қ.Пірімов атындағы №103 орта мектепке қарасты ша­ғын ком­плектілі «Қарашеңгел» бас­­­­тауыш сыныбы мектебі, ал «Ши­тү­бек» бөлімшесінде орна­лас­қан 1-4 сынып оқушылары оқи­ды. Айналдырған екі бөлме, кіре­бе­рі­сін шаң басқан, бар-жоғы екі парта ғана тұр. От жағатын пеш болған соң бөлменің ішін ыстың иісі алып, тамағыңды қариды. Ойға келгені, алақандай бөлмені таза ұстаса да болмас па еді?! Ал көрнекі құрал, компьютер дегеннің бұл мек­тептен қарасы көрінбейді. Бар-жоғы кезекпе-кезек сабақ беретін екі мұғалім ғана. Олардың өздері лаждап жүргенін жеткізді. Мұны көрудің өзі бізге қиынға түсті. Себебі өзімді «Айқын» газе­ті­нің тілшісі деп таныстырсам да, кіре алмадым. Содан Қ.Пірімов атын­дағы №103 орта мектептің дирек­торы Асылбек Нұрадиновке теле­фон соғып, «Шаң басқан, тү­тін сасыған» мектепке рұқсатпен әрең кірдік-ау. Бұл бір ғана мек­теп­тің жағдайы. Мұндай білім ошағы әрбір жерден, ауыл-ай­мақ­тан табылады. Мәселен, «Ойын­ды» разъезінің мектебіне ат ба­сын бұрдық. Ол разъез теміржол бойын­да орналасқан. Оның өзі қоқысқа толы, санитарлық жағ­дайы сын көтеретіндей емес. Өйт­ке­ні ауыл адамдарының өздері те­мір­жол бойына қоқысты тастай бер­ген секілді. «Көбек» разъезіндегі мектептің күйі де қалт-құлт етіп тұр. Жауын жау­ған сайын төбесінен аққан суды тазалаудан көз ашпайтынын еден жуушылар жасырып отырған жоқ. Тіпті, жаба тоқып күн көріп отыр. Ал қыстыгүні мектептің суы­ғынан ба­лалардың тоңатынын мұға­лім­дер де мойындады. Бұл мектеп те Асылбек Нұрадиновке қарайды. Оның Қ.Пірімов атындағы №103 орта мектебіне директор болып кел­геніне екі жылдай болып қал­ды. Әлі күнге дейін Жалаңтөске Қазалы ауданынан қатынап жұмыс істейді. Ауылда қонақүйдің жоқ екені бәріне белгілі. «Түске, кеш­ке кімнің үйі шай береді» деп аң­­­дығанша, «Өз үйің – өлең төсе­гің» болғаны дұрыс емес пе? Біл­дей бір мектеп директорының әр үйдің есігін сығалап, қазанын аңды­ғаны несі? Ал Үкіметке «кеш келіп, ерте кететін» келімсек мектеп директорлардың керегі не? Одан біз қалай ел боламыз, қалай өсеміз? Ұстаз ұлағаты болса ғана ұрпақтың бағына айналады. Ұлықтың ұшқыны да көрінбесе, бағы емес, сорына айналмай ма? «Көп ішінде күрмеу күн көрмей» әр күнімізді сапалы білім, сапалы тәр­бие берумен бастасақ, алмай­тын асу, бағындырмас белес бол­мас. Сондықтан ұстаздар қауы­­мы әрдайым ұстаздық жауап­кер­­­шілікті үнемі есте ұстағаны дұ­рыс.   Миуа БАЙНАЗАР, Қызылорда облысы