Әлеуметтік желіде той үстінде билеген әжейдің бейнежазбасы тарады.
Апамызда ақыл жоқ: Әжейдің биі желі қолданушыларының жынына тиді
Фото: Видеодан алынған кадр
1,091
оқылды

Қария тойда халық әніне емес, шет тілінде айтылған әнге билеген, – деп жазады Aikyn.kz.

 Егде жастағы кісінің бұл қылығы көпшіліктің сынына ұшырады.

Тойханалардың бірінде түсірілген видео желіде таралды. Алайда әжейдің билеген биін көпшіліктің ұната қоймағаны анық.

«Ұят қой мына биі, жасы келгенде билемесе, біреу ұрса ма?», «Әжелерімізге не көрінген?», «Ойбу, жастардан ұят болды-ау», «Жасыңа қарай қимылдасай, замандас-ау, ұяттау мына биің», «Ұят қой мынау, не масқара, жастарға үлгі болу керек қой», «Тойларда үлкен кісілер билемесе де болады ғой», «Ақыл айтар апаның селкілдеп тұрғаны жынға тиеді екен» деп жазды желі қолданушылары.