Цифрландыру саласы жақсылықтың негізі болумен қатар, оны теріс бағытта пайдалану қаупі де бар.
Цифрландыру саласын теріс бағытта пайдаланып жатқандар бар – Геннадий Шиповских
404
оқылды

Бүгін Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысты. Жиында еліміздің экономикалық дамуындағы маңызды мәселелер талқыланып, бірнеше өзекті тақырыптарға тоқталды. Соның ішінде цифрландыру саласына ерекше назар аударылды.

Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты Геннадий Шиповскихтің айтуынша, цифрландыру – елдің дамуына үлкен үлес қосып жатқан сала. Алайда оның дамуымен бірге жаңа қауіптер де пайда болып жатыр. Соның бірі – алаяқтықтың көбеюі. Азаматтарымыз интернеттегі түрлі алаяқтардың құрбаны болып, жалған ақпараттарға алданып қалып жатыр. Сонымен қатар, әлеуметтік желілер арқылы қоғамға теріс әсер ететін ақпараттық “қоқыстар” мен жалған контенттердің таралуы – үлкен мәселе.

«Бұл проблемалар елдің қауіпсіздігі мен тұтастығына кері әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан мемлекеттік органдар бұл мәселеге ерекше назар аударып, нақты шаралар қабылдауы қажет. Цифрландыру тек даму құралы ғана емес, қауіпсіздік саласындағы басты назар аударуды талап ететін бағыт болып отыр. Цифрландыру – елдің дамуы мен өркендеуі үшін үлкен мүмкіндік. Ол мемлекетімізді алға жетелеудің басты құралдарының бірі болып, экономикамыздың қарқынды дамуына үлес қосуы тиіс. Алайда цифрландыру саласы жақсылықтың негізі болумен қатар, оны теріс бағытта пайдалану қаупі де бар. Кімде-кім осы мүмкіндіктерді теріс құрал ретінде қолданса, ол заң алдында жауап беруі керек», – дейді депутат.