Өнер иесі осы уақытқа дейін жүріп өткен жолын еске алды.
«Ең маңыздысы – күйзеліске түспеу»: Айгүл Иманбаева мүшел жаста өмірінде қандай өзгеріс болғанын айтты
Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva
7,213
оқылды

Актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде мүшел жаста не істегенін айтты, – деп жазды Aikyn.kz. 

Ол осы уақытқа дейін жүріп өткен жолын еске алды. 

“Менің әр мүшелімде көп өзгеріс болған екен. 13 жас балалық шағым болса, 25 жасымда өнерде Айгүл Иманбаева деген атым шығып, театр, кино, эстрада, телевидение әлемінде дүркіреп жатқан шағым екен. 34 жасымда жеке театрымды ашыппын. 37 мүшелімде Астанада кезекті өзімнің жеке есеп беру концертімді жасадым. 43 жасымда өнер академиясының негізін қаладым. 44 жасымда балаларға арналған театр аштым. 46 жасымда Лондонға “Болашақ” бағдарламасымен оқуға кеттім. Тұрмысқа шықтым. Алда көзді ашып-жұмғанша, 2-3 жылда 49 жас келесі мүшелге өтемін. Сол мүшелге дейін не жасадым, ол мүшелде мен қандай деңгейге өтемін деген сұрақ мазалайды. Келесі мүшелге еш қиындықсыз тек өнерде ғана емес, бизнестен де бағытын тапқан Айгүл Иманбаева болуым керек деген мақсат қойдым”, – деп жазды әнші. 

Актриса мүшел жас туралы ойын ортаға салды.

“Қазақта білесіздер әр 12 жыл сайын мүшел жас есептейді. Бұл біздің халықтың даналығы шығар. Адам әр 12 жыл сайын келесі бір деңгейге өтіп отырады. Оның руханиятында, миында, жүрегінде де үлкен өзгеріс, екінші бір деңгейге өту процесі болады. Ең маңыздысы – бір мүшелден екінші мүшелге күйзеліске түспей, сауатты түрде өту”, – дейді ол. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.