Әнші Instagram-дағы парақшасында Аишаға деген ақжарма тілегін, сезімін білдіріп, видео жариялады.
«Сенің арқаңда көп нәрсе үйрендім»: әнші Бүркіт жұбайы Аишаны туған күнімен ерекше құттықтады
Фото: instagram.com/berkut_aibekjan
1,520
оқылды

Бүркіт лақап атымен танымал әнші Айбек Жансейітов жары Аишаны туған күнімен ерекше құттықтады, – деп жазды Aikyn.kz.  

Әнші Instagram-дағы парақшасында Аишаға деген ақжарма тілегін, сезімін білдіріп, видео жариялады. 

"Туған күніңмен, күнім, ең бақытты жандардың бірісің! Сенімен мен жақсы болдым, сенің арқаңда көп нәрсені үйрендім. Жақсы, адал жар болғаныңа Аллаһыма мың алғыс!", – деп жазды әнші. 

Ол сүйген жарына алғыс айтты. 

"Сен – өмірімнің жарығысың! Сенің махаббатың – гүл жайнаған бақ! Мен Аллаға сендей гүл сыйлағаны үшін шексіз алғыс айтамын!", – дейді ол. 

Жақында Бүркіт пен Аиша төртінші сәбиін күтіп жүргенін айтқан болатын.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от B E R K U T (@berkut_aibekjan)