Елордада өтетін жәрмеңкеге Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының фермерлері қатысады.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Фото: Астана қаласының әкімдігі
421
оқылды

Астанада 1-2 ақпанда кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz  елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен – Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері тікелей ұсынылатын болады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн, сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды және басқа өнімдерді сатып ала алады.

Іс-шара Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайы бойынша «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.

Жәрмеңке әр демалыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.