Астана-Мәскеу рейсінде 85 жастағы жолаушылардың бірі кенеттен қысылып, шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған.
Дәрігер шұғыл қонуды талап етіп, адам өмірін сақтап қалды
Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің сайтынан
699
оқылды

Астана медицина университетінің түлегі және ҚР ПІБ ЖМА отоневролог дәрігері Қарлығаш Бакированың үйлесімді іс-қимылының арқасында егде адамның өмірін сақтап қалған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сүйеніп.

Астана-Мәскеу рейсінде 85 жастағы жолаушылардың бірі кенеттен қысылып, шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған. Немересімен бірге ұшу кезінде Виктор Карпин жағдайы күрт нашарлағанын сезген. Әуесеріктер жолаушының жағдайына назар аударып, байланыс арқылы медицина қызметкерін шақырып, Қарлығаш Бакирова дереу көмек көрсетуге кіріскен.

Пациент гипертониямен ауырды, бірақ дәрігердің қарап-тексеру кезінде оның қысымы 50/30 мм сын.бағ. дейін төмендегені анықталып, импульс сезілмеген. Жағдай жедел іс-қимыл жасауды қажет етті. Қарлығаш Бакирова реанимациялық іс-шараларды, оның ішінде жүрек-өкпе реанимациясын (ЖӨР) жасап, пациенттің жағдайын уақытша тұрақтандырған. Дәрігер шұғыл қонуды талап етіп, экипаж жақын маңдағы Уфа әуежайына қонуға шешім қабылдаған. Ұшып келгеннен кейін Виктор Алексеевич дәрігерлердің қолына тапсырылып, кейінірек оның жағдайы тұрақталған. Қарлығаш Бакирова дәрігерлердің оң динамикасы мен біліктілігін растаған жолаушының немересімен байланысын үзбеген.

Бұл Астана медицина университетінің түлегі ұшақ бортында шұғыл жағдайда өмірін сақтап қалған бір айдағы екінші жағдай екенін еске сала кеткен жөн. Бұған дейін осы университеттің интерні Дінмұхамед Бектұрғанов жүрек-өкпе реанимациясын жүргізіп, Қызылорда-Астана рейсінің жолаушысының өмірін сақтап қалған еді.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.