Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар Абай облысында өтті.
Абайдың 180 жылдығы «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығынан басталды
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
821
оқылды

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті,  – деп хабарлайды Aikyn.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл ойшыл ақынның мерейтойымен қатар хакім мұрасын кең көлемде насихаттап, айшықты тұлғасын танытып келе жатқан қара шаңырақ – Абай музейінің 85 жылдық мерейтойы да қатар аталып өтпек. Іс-шара аясында «Абай әлемдік ойдың алыбы» және «Абай бейнелеу өнерінде» тақырыптарындағы көрмелердің тұсауы кесілді.

Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнер мекемелерінің қызметкерлері қатысқан.

Сондай-ақ, іс-шараға жиналған көпшілік Абай атындағы музыкалық-драма театрының «Жаза-Наза» трагедиясынан үзіндіні тамашалады.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.