Бұл факт бойынша полиция қылмыстық іс қозғап жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Оқиға бүгін кешке таман болған. Орал қаласындағы Жуков көшесінде салынып жатқан 9 қабатты үйдің жанынан өтіп бара жатқан ер адамның басына жоғарыдан кірпіш құлаған. Ер адам оқиға орнында жан тапсырған.
– Болған оқиғаға қатысты қылмыстық істі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы туралы тергеу анықтайды, – деді БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, былтыр күзде Оралда осылай жоғарыдан кірпіш құлап, әйел адам қайтыс болып еді.
Жаннат ҚАЙЫРҒОЖИНА, Батыс Қазақстан облысы
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.