Әнші Ернар Айдар жақында өмірден өткен әкесіне сағынышын жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.
Әнші үнемі әкесімен ақылдасып, ақ батасын алатынын, бүгінде орны ойсырап қалғанын айтты.
«Жаным Әке... Барлық жұмысымды әкеммен ақылдасатынмын, себебі әкем жан-жақты турасын айтатын. Әкеммен ақылдасу маған үлкен шабыт, сенімділік сыйлайтын. Барлық ән кештерімнің алдында үйде әкеме кішігірім концерт қойып беретінмін. Әкем сонда әндерімнің, киімдерімнің, сөйлер сөздерімнің артық-кемін айтып, ақ батасын беретін еді. «Ерошым балам, көзіңе қара, асып-тасыма, тәкаппарланба, сахнада жақсылап, жарқырап өнер көрсет» дейтін. Әке, маған осы сөздерді енді кім айтады? Кіммен сырласамын, кіммен ақылдасамын, кімге еркелеймін, кімге бала болып мақтанамын, кімге? Қапыда ерте кеттіңіз-ау. Әкешім, сағындым сізді», – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары әншіге қолдау білдіріп, басу айтты.
«Алла панасына алсын бауырым! Әкеден айырылу өте қиын!», «Ардақты әкеңіздің жаны жәннатта болсын», «Бекем бол! Алла жұмақтан орын берген болсын», – деп жазды желі қолданушылары.
Посмотреть эту публикацию в Instagram