Танымал актриса, блогер Әсел Асқар шетінеп кеткен сәбиін есіне алып, көпшіліктің көңілін босатты.
Ұзақ ғұмыр тілей алмаймын: Әсел Асқар басынан өткен қайғылы жағдай туралы айтты
501
оқылды

Желі жұлдызы осыдан үш жыл бұрын дүниеге сәби алып келген еді. Алайда алты айдан кейін баласы шетінеп кетті, деп жазады Aikyn.kz.

“Ай, балам-ай! Бүгін 3 жасқа толар едің?! Бұзық, күлімсіреп тұратын, жарқын, мейірімді, байсалды едің?! Не дерімді білмеймін. Бірақ сен ең сүйікті әрі есімізде мәңгі қалдың?! Анасының жүрегі. Балам, туған күнің құтты болсын! Мен саған ұзақ ғұмыр мен денсаулық тілей алмаймын. Бірақ анаң өзіңді қалай жақсы көретініңді білесің. Менің қамқор періштем! Осы жазбаны түсірілім алаңында жазып отырмын. Көз жасымды әрең ұстаймын. Жұмыс біткеннен кейін жылап аламын. Адамдар, бар бақытты бағалаңыз! Өмір сүріп жатқан әр бақытты сәттен ләззат алып, шүкіршілік етіңіз”, – деп жазды актриса.

Айта кетейік, өнер иесі ұлының емі жоқ дерттен көз жұмғанын айтқан еді. 

“Балаңның ауруын өзіңе ала алмағаннан оған көмектесе алмағаннан артық қорқыныш жоқ шығар. Екі апта бұрын біз жансақтау бөліміне түстік. Мұндай диагноз қойылатыны үш ұйықтасам түсіме кірмепті. Ұлымда туа біткен жүрек жеткіліксіздігі бар болып шықты”, – деп жазған еді ол.