Белгілі журналист Жанар Байсемізоваға сұхбат берген шығыстанушы Санжар Керімбай о дүниедегі хор қыздарына қатысты мәлімдеді, – деп жазады Aikyn.kz.
"Діндарлар «о дүниеде еркектерді хор қыздары күтіп алады" дейді? Әйелдерге о дүниеде ештеңе жоқ па?» деп сұрады журналист Санжар Керімбайдан.
«О дүниеде не сыйлық күтіп тұрғанын біз білмейміз. Хор қыздары деп адамның осы дүниеде көзге елестете алатын, қызықтыра алатын форматтағы заттарды айтады. Ал о дүниеге өткенде, хор қызы дегеннің мүлде басқа зат болып шығуы әбден мүмкін. Солай болады да», – деген шығыстанушы еркектер қоғамдағы бүкіл ауыр жүкті арқалайтынын алға тартып, сол үшін о дүниеде ерекше мәртебеге ие болатынын түсіндірді.
@zh_baisemiz #хорқыздары #байсемізlive #қазақшаподкаст ♬ оригинальный звук - @janar_bais