Ол жалған ақпарат таралып жатқанына наразы екенін жеткізді.
«Кибербуллингке ұшырадым»: Құран аяттарын рэппен оқыған атышулы блогер әрекетін түсіндірді (Видео)
Фото: instagram.com/juzzeffina244
1,004
оқылды

Блогер Жұлдыз Жауынбаева атышулы видеосына қатысты жағдайды түсіндірді, – деп жазды Aikyn.kz. 

Ол қазір буллингке ұшырап жатқанын айтты. Сонымен қатар желіде жалған ақпарат таралып жатқанына наразы екенін жеткізді.

«Жай ғана мәтін жазып кете салмай, халық алдында түсіндіргім келіп отыр. Таңертеңнен бері осы ақпаратпен арпалысып жатырмыз. Біріншіден, жұрттың наразылығын түсінемін. Себебі сіздерге жалған ақпарат таратып жатыр. Жалған ақпараттың салдарынан мен кибербуллингке ұшырап жатырмын. Екіншіден, бұл дінге қатысты болғандықтан, үндемей отыра алмадым. Мені дінге қарсы адам ретінде көрсетіп жатқанына қатты ашулымын», - дейді блогер.

Ол Құран аяттарын мақтаныш үшін оқығанын айтып, кешірім сұрады.

«Қасқырдың аузы жесе де, жемесе де қан. Шындығымды айта кетейін. Біріншіден, ешқандай ішімдік болған жоқ. Себебі ол жиында отырғандардың 70 пайызы – оранған, ұзын киінген. Екіншіден, ол жерде конкурс болды. Өнерлеріңізді көрсетіңіздер дегенде бірі рэп оқыды, екіншісі опера айтты. Ол жерде намаз оқитын кісілер мені түсінеді ғой деп мақтанғым келіп, сондай ниетпен оқыдым. Ол жерде ешқандай рэп, бит жоқ. Жұрттың соны ушықтырып жібергеніне сасқалақтап қалдым», - дейді блогер.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от kazak trende (@kazak_trende)