Абай облысының полицейлері "Заң және тәртіп" қағидаты бойынша Астанада жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған Семей тұрғынын жауапқа тартты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, азамат достарымен бірге Арыс көпірінің автожол бөлігінде серуендеп, бұл әрекетін видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерге жүктеген. Алайда интернеттегі “атақ” оны жауапкершіліктен босатқан жоқ.
– LADA PRIORA автокөлігінің жүргізушісі туған қаласына оралған соң, бірден ҚР ӘҚБтК-нің үш бірдей бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды: көлік құралын заңсыз қайта жабдықтау, белгіленбеген жерден жолды кесіп өту, көлік құралын тоқтату қағидаларын бұзу, – делінген хабарламада.
Көпірде жаяу жүрген жолаушылар да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.