Оралда көшеде кетіп бара жатқан тұрғынның басына кірпіш құлап, ол сол жерде көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оқыс оқиға Әлия Молдағұлова көшесінде болды. Зардап шеккен адам жедел жәрдем қызметі келгенше көз жұмған. Жазатайым оқиғадан мерт болған кісі 1956 жылы туған.
Қазір Қылмыстық кодекстің 277-бабы 2-бөлігі ("құрылыс жұмыстарында қауiпсiздiк ережелерінің бұзылуынан адам өлiмiне әкеп соққан дерек") бойынша қылмыстық іс қозғалды.
– 29 қаңтар күні Орал қаласындағы Жуков көшесі, 14 мекенжайында салынып жатқан 9 қабатты үйдің маңында кірпіш құлау оқиғасы тіркелді. Яғни, өтіп бара жатқан ер адамның басына кірпіш құлаған. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді, тергеу амалдары жүргізілуде, – деді Полиция департаментінің ресми өкілі.