Түнде Абай облысындағы Аягөз қаласы-Қалбатау ауылы арасындағы республикалық маңызы бар автожолдың жабылуына байланысты блокпостта жолаушылары бар 3 автобус тоқтап қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ТЖМ құтқарушылары полиция қызметкерлерімен бірге жолаушылар автобустарынан 92 адамды ертіп, жақын маңдағы жылыту пункттеріне орналастырды, оның ішінде 20-сы – бала.
Жолдың осы жабық учаскесінің арғы жағында шағын көлемді автобустың жолаушылары қиын жағдайға тап болып, тағы 14 адам жылыту пунктіне орналастырылды.
ТЖМ дауылды ескертулерді ескеруді және ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен тыс жерлерге шықпауды ұсынады!