Ол өрт қоймай тұрып, үйдегі түтін детекторларын алып тастап, үйдің ішіне жанғыш сұйықтық төккен.
Әйел өз балаларын өлтіру үшін үйін әдейі өртеген
Фото: istockphoto
1,461
оқылды

АҚШ-тың Мичиган штатындағы Гранд-Рапидс қаласында 46 жастағы әйел өз балаларын өлтіру үшін өз үйін әдейі өртеп жіберген. Өрттен 12 жастағы қыз қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ABC News-тің мәліметінше, қыз өртенген үйдің ішінде қалып, тірідей жанып кеткен.

Белгілі болғандай, әйелдің үш баласы бар. 7 және 10 жастағы екі бала жанып жатқан үйден сытылып шыққан. Оқиға орнына барған өрт сөндірушілер өртеніп жатқан үйдің ішінен көмек сұрап айқайлаған дауысты естіген.

Полиция қатыгез ананың өртті алдын ала жоспарлағанын анықтады. Ол өрт қоймай тұрып, үйдегі түтін детекторларын алып тастап, үйдің ішіне жанғыш сұйықтық төккен.

Прокурор Крис Беккер мұндай әрекетке барған әйелдің психикалық бұзылысы болуы мүмкін деген болжам айтты.