Құжатты ратификациялау Қазақстанның республикалық бюджетіне кедендік баждарды аударудың үздіксіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу жөніндегі құжатты ратификациялады
238
оқылды

Сенат депутаттары палатаның кезекті жалпы отырысында Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізілетін хаттаманы ратификациялады. Құжат Мемлекет басшысына қол қоюға жіберілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сенатор Бекболат Орынбеков "ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы кедендік әкелу баждарының сомаларын аударуға қатысты бөлігінде 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа өзгерістер енгізу жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы" заңның Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кедендік баждарды әкімшілендіруді жүзеге асыру кезіндегі санкциялық шектеу кедергілерін жоюға бағытталғанын жеткізді.

– Хаттамамен Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Беларусь Республикасының бюджеттеріне кедендік баждардың сомаларын өзара бөлу және есепке алу кезінде туындайтын қарсы міндеттемелер айырмасының сомасын есептеудің уақытша тетігін айқындау бөлігінде өзгерістер енгізіледі, – деп нақтылады депутат.

Құжатты ратификациялау Қазақстанның республикалық бюджетіне кедендік баждарды аударудың үздіксіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.