Әліпбиді жетілдіру жұмыстары жалғасады
Әліпбиді жетілдіру жұмыстары жалғасады
5,262
оқылды
Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты коми­те­тінің ұйымдастыруымен Ұлттық комиссия жанын­дағы Орфо­графиялық жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өтті. Отырыс барысында ғалым­дар Тіл саясаты коми­теті­нің әліпбиді жетілдіруге қатысты еліміздің барлық өңірлерінде, жо­ғары оқу оындарында, мек­теп­терде өткізген әліпбиді же­тіл­­діруге байланысты сына­ма нәтижелерімен және тал­қы­лау, сауалнама нәти­же­лерімен танысты. Кеңесте ғалымдар әліпби құ­рамына с, w, х таңбаларын ен­гізу қажет пе, ц, ч дыбыста­ры­­на таңба арнаудың өзек­ті­лігі қандай, и, і және ң дыбыс­та­ры­ның таңбасы жеке-жеке қай­тадан қарастыруы дұрыс па деген мәселелерді тал­қы­ла­ды. Ғалымдар ң дыбысын оқу­ға, жазуға ыңғайлы n таң­ба­сы­ның үстіне тильда беріп, клас­сикалық үлгіде пай­да­лану дұрыс деп шешті. Дегенмен әліп­биге C қарпін енгізу, С (си) дыбысымен Ц әр­пін таң­балау немесе оны әліп­би­ге мүлде енгізбеу туралы мәсе­ле­де ғалымдар пікірі екіге жа­рыл­ды. Бұл мәселе әлі де талқы­ла­на­тын болады. Сондай-ақ w, x, c дыбыс­та­рын әліпбиге кірме сөздерді пайдалану үшін қосымша ды­быстар ретінде алуды және пер­нетақтада орналастыруды дұ­рыс деп шешті. Әліпбидегі бас­қа дыбыстар, таңбалар Ұлт­тық комиссия жанындағы төрт жұмыс тобы ғалымдары ма­құлдаған қалыпта қалды­рыл­ды. Әліпбиді жетілдіру жұмыс­та­ры жалғасады. Кейбір пі­кір қай­­шылығын тудырған дыбыс­тар­ға байланысты сарап­тау жа­са­лынады. Жетілдірілген әліпби жо­­ба­­сы толық талапқа сай бол­­­ғанда Үкі­меттегі Ұлттық ко­мис­сия­ның қарауына ұсы­натын бола­ды.   Ж. НҰРЛАНҰЛЫ