2025 жылғы 30 қаңтар сағат 18:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Боғас" автожолының 383-900 шақырым аралығындағы учаскеде (Қайнар ауылынан Сәтбаев ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Төтенше жағдайлар министрлігінің шұғыл ақпаратына сәйкес.
Елдегі ауа райының нашарлауына байланысты тұрғындар келесі қауіпсіздік шараларын сақтауы қажет: дауыл туралы ескертулерді қадағалау, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды ескеру, алыс қашықтыққа, әсіресе тәуліктің қараңғы уақытында саяхаттаудан және жаяу жүруден бас тарту.