Танымал тележурналист Дана Нұржігіт алаяқтардың арбауына түсіп қалған актриса Жұлдыз Әбдікәрімованы жұбатты.
Сыртымыздан күліп отырады: Дана Нұржігіт Жұлдыз Әбдікәрімоваға жүрекжарды сөзін арнады
1,528
оқылды

Журналист желідегі жазбасында өнер иесіне ақыл айтып, жігер беруге тырысқан, деп жазады Aikyn.kz.

"Жұлдыз, айналайын! Сұхбатыңды тыңдадым. Адам ашынғанда ғана соңына дейін барады! Құдай саған жұмсақ жүрек, дархан көңіл, сұлулықты да берген. Енді өзің үшін, балаларың үшін жүрегіңді тас қыл, көңіліңді мұз қыл, сұлулығыңа бет қаратпайтын қатулық қос! Әділет іздеген адам осының бәрін сауыттайын киіп жүруге мәжбүр болады. Бұл-“соғыс!”, - делінген Дана Нұржігіттің жазбасында.

Ол алаяқтардың тайраңдап, өз төрімізді өзімізге көр қылуға дейін баратынын айтады.

"Сыртымыздан күліп отырады. Мен де көрдім ондайды! Біреудің адал нанына таласып, біреудің баласының ауызынан дардай басымен тартып алуға арланбайтын көргенсізді. Күрес, жаным! Белді бекем бу! Ол-балаларыңның несібесі, сенің еңбегің, табан ақы, маңдай терің! Неге балаларыңмен далада қалуың керек екен?! Неге ол сенің денсаулығың,кәсібің мен берекеңді алған иттігі үшін жауап бермеуі керек?! Өтесін! Қайтарсын! Адвокатың да мықты болсын! Мен сен жақпын, жаным!" - дейді журналист.

Сонымен бірге ол балаларының да бірге оқитынын атап өтеді.

"Нарұлдың көңілін де көріп жүрмін. Қатты уайымдайды, алаңдайды, ботақан. Құдай қуат берсін саған! Не де болса, Қайрат азаматтық қайратымен, ісімен де, сөзімен де қасыңнан табылсын деймін. Бұл - сынақ. Бір бол!

Құшақтап, сүйдім сені, сіңілім!" - деген тележурналист.