Жүк жөнелтушілер жалпы көлемі 2,7 мың тонна картоп партиясына фитосанитариялық сертификаттарды үшінші елдерге көліктің барлық түрлерімен әкетуге тыйым салғанға дейін алған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
Алайда, "Сарыағаш" стансасында шекарадан өту кезінде жүк жөнелтушілерге бірқатар бұзушылықтар, соның ішінде картоп құнының айтарлықтай төмендеуіне байланысты сұрақтар туындаған. Құжаттарға сәйкес экспортқа сатылым, картоптың келісіне 40-50 теңгеден белгіленген. Осы себепті вагондар барлық жағдайлар анықталғанға дейін ұсталды.
Құжаттаманы тексергеннен кейін 42 вагон картоп Өзбекстан Республикасының аумағындағы межелі жерге жіберілді. Сондай-ақ тексеру кезінде кәсіпкерлер тауардың бүліну қаупі төнген жағдайда картопты ішкі нарыққа бәсекелестік бағамен сатуға мүмкіндігі болды. Барлық 10 жүк жөнелтуші картоптың жай-күйіне қатысты мемлекеттік органдарға шағым түсірмеген.
Қазіргі картоп тапшылығын реттеу үшін ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, 2025 жылғы 18 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан көліктің барлық түрлерімен картопты әкетуге 6 ай мерзімге тыйым салынған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.