Жолды 31 қаңтар сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
Ауа райы бұзылып, екі облыста жол жабылды
Фото: istockphoto.com
1,116
оқылды

ҚазАвтоЖол ауа райының қолайсыздығына байланысты екі облыста жол жабылғанын мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

 Абай облысы:

2025 жылғы 30 қаңтар сағат 18:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Боғас" автожолының 383-900 шақырым аралығындағы учаскеде (Қайнар ауылынан Сәтбаев ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. 

Жолды 2025 жылғы 31 қаңтар сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

Жамбыл облысы:

2025 жылғы 30 қаңтар сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "Алматы-Ташкент-Термез" автожолының (Жаңа Қордай асуы) 159-238 шақырым аралығындағы учаскесінде (Отар ауылы-Қайнар ауылы) көліктердің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қою жоспарланып отыр.

2025 жылғы 31 қантар сағат 08:00-де жолды ашу жоспарланған. 

Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылатын болады.