Детектор оның жауабын шындық деп таныды.
«Кек алғым келді»: күйеуін педофил деп айыптаған блогер жан сырын ақтарды
Фото: видеодан кадр
1,023
оқылды

Бұрынғы күйеуі Қолғанат Жұмабаевты педофил деп айыптаған блогер Құлпынай Калменова Руслан Өтепбайға  сұхбат берді, – деп жазды Aikyn.kz. 

Блогер студияда шындық детекторына отырып, сұраққа жауап берді. "Құлпынай Калменова бұрынғы күйеуінің абыройына нұқсан келтіру үшін оны өтірік айыптады деген қауесеттер де тарады. Күйеуіңізден кек алғыңыз келді ме?" деп сұрады жүргізуші.

"Иә, кек алғым келді. Неге екенін білмеймін. Әйел болған соң эмоция болады. Бірақ қазіргі таңдағы мақсатым кек алу емес. Қазіргі мәселе – қыздар. Мені әйел етіп алып тұрып, осындай қиянат істегені үшін жауап берсін деген ой келді", – деп жауап берді ол.

Одан кейін блогерге "Күйеуіңізден кек алу үшін оны педофилге теңедіңіз бе?" деген сұрақ қойылды.

"Жоқ. Оны педофил деп айыптағаным кек емес. Қыздардың өміріне қауіп болғаннан кейін осылай жасадым", – деді блогер.

Детектор оның жауабын шындық деп таныды.