Бейкүнә баласынан бас тартып, қараусыз тастап кеткен көкек-ана іздестіріліп жатыр.
Алматыда әйел жаңа туған сәбиін тұрғын үйдің кіреберісіне тастап кеткен
Фото: istockphoto
924
оқылды

Алматыда тасбауыр ана жаңа туған сәбиін екіқабатты үйдің кіреберісіне тастап кеткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz КТК арнасына сілтеме жасап. 

Жерде шырылдап жатқан шақалақты көрген тұрғындар абдырап қалған. Дүние есігін енді ашқан қыз баланы тұрғындар кеше түскі уақытта байқапты. Бөбекті үйдің екінші қабатына тастап кеткен.

Жылап жатқан сәбиді тұрғындар дереу жылы жерге кіргізіп, жедел жәрдем мен полицияға хабар берген. Қазір нәресте ауруханада жатыр. Ал бейкүнә баласынан бас тартып, қараусыз тастап кеткен көкек-ана іздестіріліп жатыр.

— Жаңа туған қызды Чернышевский көшесіндегі үйлердің бірінің тұрғындары тауып алды. Түрксіб аудандық Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сәбидің анасының жеке басын және істің мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр, – деп нақтылады Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.