Төтенше жағдайлардың алдын алудың негізгі шаралары орталық және жергілікті атқарушы органдарға жүктеледі.
Қазақстанда мыңнан астам елді мекенді су басу қаупі бар – ТЖМ
3,652
оқылды

Сенатта өткен Үкімет сағатында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов елді мекендерді су басу қаупі туралы айтып берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Төтенше жағдайлар министрі су тасқынына дайындық барысы туралы баяндады.

– Бүгінде республикада су тасқыны қаупі бар аймақтарда 1 223 елді мекен бар. Министрлік үйлестіруші орган ретінде ықтимал су тасқынына инфрақұрылымды дайындау бойынша жергілікті атқарушы және мүдделі мемлекеттік органдармен тығыз байланыста жұмыс істейді, – деді министр.

Министр төтенше жағдайлардың алдын алудың негізгі шаралары орталық және жергілікті атқарушы органдарға жүктелетінін атап өтті.

– Республикалық және өңірлік бағдарламалық құжаттар аясында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде. Айта кету керек, бұл шараларды жүзеге асыру су басу қаупін барынша азайтып, елді мекендерді су басу қаупінен қорғауды қамтамасыз етеді. Су тасқыны аяқталғаннан кейін аймақтарда профилактикалық және инженерлік-техникалық жұмыстар басталды, олардың жергілікті деңгейде орындалу барысын министрліктің бөлімшелері үйлестірді. Мемлекеттік аппарат инспекторларының қатысуымен де бірнеше рет тексерулер жүргізілді, – деп түйіндеді спикер.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.