Бір топ жігіт спортшы қызды көшеде ұрлап әкетіп, ұзақ уақыт қинаған.
Ақтаудағы жаттықтырушы қыздың өлімі: басты күдікті өмір бойына сотталды
Фото: Stan.kz
814
оқылды

Ақтауда жаттықтырушы қызды көлікке күштеп отырғызып, есірткі беріп, зорлық көрсеткен бір топ ер адамға қатысты сот үкімі өзгерді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

29 жастағы фитнес-жаттықтырушы Алина Серікова осы сұмдық жағдайдан кейін өз-өзіне қол жұмсаған еді. Бір топ жігіт спортшы қызды көшеде ұрлап әкетіп, ұзақ уақыт қинаған. Бірінші сатыдағы соттың шешімімен бес айыпталушы ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылған. Бірақ Серікованың отбасы үкімді әділетсіз деп санап, қайта қарауды талап етті. 

Осылайша, 30 қаңтарда Алинаның зорлау ісі бойынша сотқа апелляциялық шағым түсіру үшін ондаған адам жиналды. Оның інісі басты айыпталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етті. 

Басты күдікті Нұргелді Сейітқалиев өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Қалған айыпталушылар Еркебұлан Аманқос – 16 жыл, Аралбай Мерей – 13 жыл, Дархан Құлбас – 13 жыл, Қуаныш Үсенғали – 13 жылға сотталды. Сондай-ақ жәбірленушінің отбасына 30 миллион теңге өтемақы төленеді.