Биыл отандық әуе компаниялар 24 әлеуметтік маңызы бар бағытта рейстер орындау үшін субсидия алады.
Ішкі рейстермен 24 бағыт бойынша ұшу арзандайды
Фото: istockphoto.com
3,527
оқылды

Әлеуметтік маңызы бар бағыттарда ұшу үшін әуе компанияларына субсидиялар бөлінді, – деп хабарлайды Aikyn.kz  сайты Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Отандық әуе компаниялар еліміздің ішкі рейстерін ұшумен қамтамасыз етіп, төменде көрсетілген 24 әлеуметтік маңызы бар бағытта ұшады.

Ел ішіндегі қалалар арасында әуе қатынасын одан әрі дамытып, жолаушылар сұранысын қанағаттандыру үшін 2025 жылы субсидияланатын әуе рейстерін орындайтын әуе компаниялар конкурс нәтижесіне сәйкес айқындалды. Субсидияланатын маршруттар ел тұрғындарына қолжетімді бағамен саяхаттауға мүмкіндік беріп қана қоймай, ішкі әуе нарығының дамуын қамтамасыз етпек.

Билеттерді әуе компаниялардың ресми сайттарынан сатып алуға болады.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.