Ақмола облысында жедел басқару орталығының көмегімен өткен жылы 270-тен астам қылмыс ашылып, 49 мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолы кесілген.
Заманауи жедел басқару орталығы іске қосылды
Фото: gov.kz
385
оқылды

 

Жаңа нысан қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысын 324 бейнебақылау камерасы арқылы бақылауды қамтамасыз етеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz  сайты.

Ақмола облысында аумақтық полиция бөлімшелерінің күнделікті қызметіне инновациялық технологияларды енгізу жалғасуда. "Заң және тәртіп" қағидатын іске асыру өңірлік Полиция департаменті үшін негізгі міндетке айналды, ал ұсақ құқық бұзушылықтарға жедел ден қою – полиция қызметінің тиімділігінің басты көрсеткіші.

Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және жедел жағдайды тәулік бойы бақылауды ұйымдастыру мақсатында 31 қаңтар күні қалада заманауи жедел басқару орталығы жұмысын бастады.

Салтанатты ашылу рәсіміне Полиция департаментінің бастығы Нұрсұлтан Мұқашев, жергілікті атқарушы органдар өкілдері, жеке құрам және ішкі істер органдарының ардагерлері қатысқан. Жаңа нысан қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысын 324 бейнебақылау камерасы арқылы бақылауды қамтамасыз етеді. Орталықтың жедел залында 26 қызметкер жұмыс істейді, олардың арасында "102" жедел желісінің операторлары, бейнебақылау инспекторлары, нұсқаушылар және ҚКБТ инспекторлары бар.

Орталықта 324 бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр, оның ішінде 139 камера Степногор көшелерінде және 9 камера жақын маңдағы елді мекендерде: Ақсу және Қарабұлақ кенттерінде орнатылған. Сонымен қатар ЖБО жүйесіне 176 "бұлтты бейнебақылау" камерасы қосылған, олар көпқабатты үйлердің кіреберістері мен аулаларын онлайн режимде бақылауды жүзеге асырады.

Болашақта орталыққа қаладағы орта мектептер мен колледждердегі бейнебақылау камералары қосылмақ.

Айта кету керек, Мемлекет басшысы мен Ішкі істер министрлігінің тапсырмасын орындау аясында цифрлық жобаларды енгізу және жаңа технологиялық жабдықтарды, әсіресе бейнебақылау жүйелерін қолдану құқық бұзушылықтарды болдырмауға және қылмыстарды жедел ашуға, осылайша халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда өңірде үш толыққанды ЖБО жұмыс істейді: облыс орталығы Көкшетау қаласында, сондай-ақ Щучинск және Степногор ірі қалаларында. Өткен жылы ЖБО көмегімен облыста 270-тен астам қылмыс ашылып, 49 мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.