Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация қызметкерлері күніне орай компания жолаушыларға жеңілдіктер науқанын жариялаған.
QAZAQ AIR әуекомпаниясы барлық рейстерге 15% жеңілдік ұсынады
Фото: gov.kz
1,321
оқылды

Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация қызметкерлері күніне орай QAZAQ AIR әуекомпаниясы 2025 жылдың 1-2 ақпан аралығында арнайы науқан жариялайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz  сайты Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Тек 1-2 ақпан аралығында әуекомпанияның сайтында субсидияланған рейстерден басқа барлық бағыттар бойынша тарифтен 15% жеңілдікпен билеттерді сатып алуға болады. Саяхат кезеңі: 2025 жылғы 3 ақпаннан 25 қазанға дейін. Сонымен қатар, 1-2 ақпан аралығында әуекомпанияның IQ Bonus жолаушыларды ынталандыру бағдарламасына тіркелу кезінде 500 емес, 2000 сәлемдесу бонустары есептеледі. 

Әуекомпания ұшу географиясын кеңейту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп келеді. Естеріңізге сала кетейік, биыл Қарағанды – Түркістан, Жезқазған – Қарағанды жаңа рейстері іске қосылды. Астанадан Павлодар мен Түркістанға ішкі рейстер жаңартылған.