Алматы полициясы 17 жастағы жасөспірімнің арызына қатысты тергеу жүргізіп жатыр, – деп жазды Aikyn.kz.
Оның айтуынша, 40-қа таяған ер адам оған сыраға тапсырыс беріп, кейін бірге ішуді ұсынған. Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, күдікті – белгілі әнші Алмас Кішкенбаев.
«17 жастағы баланың сөзінше, сыраға 40 жастағы ер адам тапсырыс берген. Тапсырыс беруші алкогольді алып, артынша курьерге бірге отырып ішуді ұсынған. Одан бөлек, ер адам кәмелетке толмаған баланың интимді жерлерінен ұстамақ болған. Курьер бірден өз үйіне кетіп қалып, бәрін әкесіне айтып берген. Ал әкесі бұл жайт туралы полицейлерге хабарлаған. Полицейлер тексеріс жүргізу үшін пәтерге барып, тапсырыс берген адамды бөлімшеге алып кеткен. Күдіктінің аты – Алмас Кішкенбаев», – деп жазды Михаил Козачков Телеграм арнасында.
Оқиғаның мән-жайы туралы ulysmedia.kz тілшісі полициядан сұрап білді.
«Әкесінің кәмелетке толмаған ұлын қорлау туралы өтініші бойынша тексеру жүргізіледі. Полицияға барлық мән-жайларды анықтау үшін К. есімді азамат жеткізілді», – дейді ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.