Өнер иесі небәрі 4 жасында әкесі дүниеден озғанын есіне алды, – деп жазады Aikyn.kz.
Содан бері анасының өсиетін тыңдап, ер жеткен.
"Өнер де анамның бойынан дарыған. Мектеп қабырғасында жүргенде тек өнер емес, еңбекке жақын болдым. Жетінші ме, әлде сегізінші сыныпта ма жер аударып, қауын-қарбыз да ектім. Өте еңбекқор болатынмын. Бұл туралы алғаш рет айтып отырмын. Сол кезде анам осы бала бәріңді асырайды деп айтатын", – дейді әнші.
Десе де, эстрада жұлдызы өнер жолын таңдамаса, спортшы болуы мүмкін екенін айтты. Әнші мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінде спортпен, оның ішінде бокспен шұғылданған.
"Бір жыл мектепке бармай, спортпен айналыстым. 1,5 жыл бокспен шұғылдандым. Ол кезде артық салмағым болатын, 6 айдың ішінде 35-40 килограмм салмақ тастадым. Мектептегі қыз-жігіттер мені танымай қалды. Егер өнерге келмесем, спортпен айналысатын едім", – дейді әнші.