Қайырымдылықпен айналысып, жүзін жасырған бетперде жігіт өртте бүкіл отбасынан айырылған жасөспірімге көмектесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Станислав қазір 16 жаста. Ол үйі өртеніп, бүкіл отбасынан айырылған. Қазір жалғыз қалған ол шарасыз күйге түскен.
«Төрт күн бұрын өртте отбасым толығымен көз жұмды. Әкем, бір әпкем, екі қарындасым, бір інім қаза болды. Өрт кезінде мен қалада жатақханада болатынмын. Өрттің қайдан шыққаны белгісіз. Бірақ ток тұтанып, өртке ұласқан дейді. Уытты иіс жылдам тарап кеткен дейді. Марқұм әкем 40 жаста, әпкем 18 жаста, екі кіші қарындасымның бірі 13-те, екіншісі 7-де, інім 10 жаста болатын. Бәрі көз жұмды. Ал 7 жыл бұрын анам қайтыс болған. Ал менің көзім нашар көреді. Көру деңгейі -4. Інім мен қарындастарымды қалаға алып кетіп, оқытсам деген арманым бар еді. Енді ол арманым орындалмас күйге айналды. Жападан жалғыз қалғандай сезініп жүрмін. Ары қарай не істерімді де білмеймін», – дейді Станислав.
Бетперде киген жігіт жетім қалған бозбалаға пәтер сыйлап, оқуының ақшасын төлейтінін және көзін емдеуге көмек берілетінін айтты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram