Астана қаласы Полиция департаменті видео жариялады.
Жанар Дұғалова Астана полицейлеріне  алғыс айтты
Фото: instagram.com/zhanar_dugalova
1,209
оқылды

Әнші Жанар Дұғалова Астанада жоғалған затын тауып берген полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Астана қаласының Полиция департаменті әншінің ризашылығын білдірген бейнежазбасын жариялады.

"Астана қаласының полицейлеріне шын жүрегімнен алғыс айтқым келеді. Жоғалған затымды тез арада тауып, керемет жұмыс атқарғандарыңыз үшін көп рақмет! Жұмыстарыңыз алға баса берсін! Өте ризамын", – дейді әнші видеода.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.