Таразда өткен Alash Pride турнирінде тәжікстандық файтер Мухаммадризвон Кахоров жеңілістен кейін октагонда жаппай төбелес ұйымдастырған, – деп хабарлайды Aikyn.kz Sport+ Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.
Бразилиялық Жозе Феррейрамен жұдырықтасқан Кахоров үшін жекпе-жек сәтсіз аяқталып, эмоцияға берілген спортшы октагонда жанжал шығарды.
«Кипиш» лақап атымен танылған Кахоров спорттық жетістіктерінен гөрі октагондағы оғаш әрекеттерімен белгілі. Бұған дейін оның бапкерінен шапалақ алған сәті әлеуметтік желіде кең таралып, «мемге» айналған еді.
Бұл – Кахоровтың кәсіби мансабындағы бесінші жеңілісі. Оның еншісінде екі ғана жеңіс бар. Ал Феррейра кәсіби деңгейде екі рет жеңіп, екі рет жеңілген.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.