Күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды.
Есірткі тасымалдағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген азамат Ақтөбеде ұсталды
istockphoto.com
524
оқылды

Ақтөбе облысындағы «Жайсан» теміржол өткізу пунктінде Молдованың ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросы есірткі заттарын заңсыз тасымалдағаны үшін халықаралық іздеуде болған өзбекстандық азаматты ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

2013 жылы күдікті басқа адамдармен бірге есірткі заттарын жеткізудің халықаралық арнасын ұйымдастырған. Молдоваға кірген кезде одан 46 грамм героин табылған.

Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.