Палестиналық ХАМАС радикалдық қозғалысы Израильдің екі азаматын Халықаралық Қызыл Крест комитетіне тапсырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бүгінге жоспар бойынша үш тұтқынды босату көзделген. Бұл процесс екі түрлі жерде өтеді. Кепілге алынғандардың арасында 35 жастағы Ярден Бибас пен 54 жастағы Франция азаматтығын алған Израиль азаматы Офер Кальдерон бар. Алдағы уақытта 65 жастағы АҚШ-Израиль азаматы Кит Сигел де босатылуы тиіс.
Осыған орай, Израиль Газа секторындағы атысты тоқтату келісімі аясында 90 палестиналық тұтқынды босатуды жоспарлап отыр, оның ішінде тоғыз адам өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтегендер.
ЦАХАЛ баспасөз хатшысы журналистерден тұтқындардың және олардың отбасының жеке өміріне құрметпен қарауды сұрады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.