Олардың арасында мектеп мұғалімдері, мемлекеттік қызметкерлер, әкімдік өкілдері мен дәрігерлер болған.
Қызылордада сыныптасын жезөкшелікке мәжбүрлегендер жазаланбайтын болды
istockphoto.com
820
оқылды

Қызылордада 16 жастағы қызды жезөкшелікке мәжбүрлеуге байланысты елді дүрліктірген іс бойынша 217 ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

«НеМолчиKZ» қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің айтуынша, 5 қыркүйекте күшіне енген «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заңға сәйкес бұл адамдар жауапқа тартылуы мүмкін еді. Алайда оқиға 5 тамызда анықталып, 6 тамызда ғана шағым түскендіктен, жаңа заңның күші оларды қамтымайды.

«Оларды шақырды, кейбіреуін жұмыс орнынан тапты, кейбіреуін жұмыстан шығарды, тағы бірін жазалады, бірақ бұл қылмыстың себебін олар өзінің құмарлығы немесе ақы төлеп зорлық-зомбылық жасауға бейімділігінен емес, керісінше, қыздың өзіне және оның оқиғаны жария еткенінен көріп отыр», – деп жазды Таңсәрі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.