Алматыда «Газпромнефть-Қазақстан операциялық компаниясы» ЖШС-ға бензинді толық құймағаны үшін 3 145 600 теңге айыппұл салынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Тексеру нәтижесінде №132 жанар-жағармай құю стансасында АИ-95-К4 маркалы бензинін құю кезінде белгіленген нормадан ауытқу анықталды. Құйылған 20 литр бензинге 100 мл жетпегені белгілі болып, құю стандарттары бұзылғаны анықталды.
Сонымен қатар өлшеу құралдарының бірінің қателік көрсеткіші рұқсат етілген шектен жоғары болғандықтан, жабдық қолдануға жарамсыз деп танылды.
Аталмыш заңбұзушылық үшін компанияға әкімшілік айыппұл салынды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.