Көлік жол бойынан шығып, аударылып қалған.
Қарағанды облысында қар құрсауында қалған екі адам құтқарылды
Фото: t.me/qr_tjm
374
оқылды

Қарағанды облысында Егіндібұлақ ауылынан 30 шақырым жерде қарға батып қалған екі азамат құтқарылды, – хабарлайды Aikyn.kz

Төтенше жағдайлар қызметкерлері оқиға орнына жедел жеткен. Жергілікті атқарушы органдармен бірлескен құтқарушылар көлікті қардан шығарып, жолдың тазартылған бөлігіне сүйреп жеткізді. Ешкімге медициналық көмек қажет болмады.  

ТЖМ қыс мезгілінде жолға шыққанда сақтық шараларын ұмытпауды және ауа райының құбылмалығын ескеруге кеңес береді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.