Көкшетауда такси жолаушысы жүргізушінің көлікте темекі тартуға тыйым салғанына ашуланып, оған қол жұмсаған, - деп хабарлайды Aikyn.kz Zakon.kz порталына сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, оқиға 28 қаңтарда болған. 47 жастағы такси жүргізушісі қосымша арқылы тапсырыс қабылдап, клиентті діттеген жеріне жеткізбек болған. Жолда жолаушы темекі тұтандырған.
Жүргізуші оған ескерту жасағанда, жолаушы агрессивті жауап қайтарып, көлікті тоқтатқаннан кейін оған шабуыл жасаған.
Күдікті анықталды. Оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 109-1-бабының 1-тармағы («Ұрып-соғу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды, нәтижесі бойынша тиісті шаралар қабылданады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.