Төбелес салдарынан Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары комаға түскен.
Атыраудағы шенеуніктер төбелесі: Қаржы мониторингі агенттігі түсініктеме берді
istockphoto.com
815
оқылды

Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) Атырауда шенеуніктердің қатысуымен болған төбелеске олардың қызметкерлерінің еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Aikyn.kz

«Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасарына қатысты оқиғаға байланысты тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Оқиға орнында департамент қызметкерлері болған жоқ», – делінген агенттік хабарламасында.

Агенттік қоғамды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

28 қаңтарда Атыраудағы ойын-сауық орындарының бірінде жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқан. Салдарынан Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары комаға түсті. Оқиғаға прокуратура мен Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері қатысқаны хабарланған еді.

Атырау облыстық полиция департаменті бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабының 1-бөлігі («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.