Құтқарушылар Ертістегі апаттың алдын алды, – деп хабарлайды Аikyn.kz
ТЖМ хабарлауынша, бүгін құтқарушылар бейнебақылау камераларына мониторинг жүргізу барысында Павлодар облысы Ертіс өзенінің орталық жағалауында мұз жиегімен серуендеп жүрген үш жасөспірімді көрді. Балалардың біреуі аяғымен мұз қуысына түсіп, жарақат алған.
Құтқарушылар жедел түрде оқиға орнына келіп, үшеуін де тексеру үшін құтқару станциясына жеткізді. Белгілі болғандай, бұл 2012-2013 жылдары туған жасөспірімдер екен. Зардап шегушінің аяғын құтқарушылар қарап, содан кейін жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
Құтқарушылар қатпаған мұзға шығу қаупі туралы қатаң ескертеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз